Павлодар облысында 17 жастағы жеткіншек абайсызда оқ атып, оқушыны жаралады
Ойнаймын деп от басты. Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Шарбақты ауылының 17 жастағы тұрғыны тапа-тал түсте темір қақпаны пневматикалық қарумен атып ойнаған. Атылған оқ кері серпіліп барып, жанындағы баланың көзіне тиген.
14 жастағы Сәкен Ақжол қазір облыстық ауруханада. Операция жасалды. Бірақ әзірге көздің ұясына кірген қорғасынды алып шығу мүмкін болмай тұр. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал, күдікті ИЖ-38 маркалы пневматикалық қаруды өзен жағасынан тауып алғанын және жазатайым жағдай екенін айтып, ақталуда.
Бақытгүл Аққубай, жарақаттанған Сакен Ақжолдың анасы:
- Көзін басып, үйге кірді. Не болғанын сұрап едім, көзіне бірдеңе тигенін айтты. Көршінің баласы, сол ойнап жүріп атып жіберіпті.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10