Лукашенко шеруге қатысқандарды түрмеге жабу туралы заңға қол қойды
Беларусь президенті Александр Лукашенко/ шерушілерді түрмеге жабу туралы заңға қол қойды. Енді рұқсат етілмеген демонстрацияларға қатысқандар/ 1 жылдан 3 жылға дейін сотталады. Мұндай үкімге негізінен заңсыз митингке екі рет барғандар ілігеді. Ал, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғандарға 3 жылдан 5 жылға дейін үкім кесіледі. Осыған дейін Беларусьте шеруде ұсталғандар айыппұл төлейтін немесе екі аптаға дейін қамауға алынатын. Лукашенко жаңа ережеге қатысты түсініктеме берген жоқ. Дегенмен, ол наурызда оппозицияға қатаң жауап беретінін ескертіп, кейін бұқаралық ақпарат құралдарын соттың шешімінсіз жабу туралы/ өзгертілген заңға қол қойған еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12