Ауғанстанда тәліптердің шабуылынан 10 адам қаза тапты
Ауғанстанда тәліптер жерді минадан тазартатын 10 адамды атып өлтірді. Мұны елдің ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарик Ариан мәлімдеді.
Қанды оқиға солтүстіктегі Бағлан провинциясында болған. Лагерге жасалған шабуыл кезінде тағы 16 жұмысшы жараланды.
Айта кетсек, соңғы апталарда бұл аймақта соғыс күшейген. Дегенмен, «Талибан» қозғалысы халықаралық компания қызметкерлерін өлтірмегенін мәлімдеп отыр. Тәліптер қазір 34 провинциясының 24-де үкімет әскерімен соғысып жатыр. Олар таяуда оннан астам ауданды басып алды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12