Нетаньяхудың 12 жылдық билігі аяқталды
Израиль парламенті коалициялық үкіметтің құрамын мақұлдап, Биньямин Нетаньяхудың 12 жылдық билігін тоқтатты. Жаңа премьер-министр Нафтали Беннет халықты біріктіру жолында жұмыс істейтінін және білім мен денсаулық сақтау салаларын реформалайтынын мәлімдеді.
Дегенмен, 49 жастағы үкімет басшысының Таяу Шығыстағы бейбітшілік проблемасына қатысты позициясы бұрынғыдай. Ол да Нетаньяху тәрізді Палестина мемлекетінің құрылуын қолдамайды. Және де Беннет АҚШ-тың Иранмен ядролық келісімді қалпына келтіруіне қарсы тұратынын ескертті.
Нетаньяху болса, Кнессетте оңшыл «Ликуд» партиясына төрағалық етіп, оппозиция лидері атанды. Ал, жексенбі күні парламентте өткен дебатта ол билікке оралуға уәде берген.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12