АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар 600 мыңға таяп қалды
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар 600 мыңға таяп қалды. Сондықтан, президент Джо Байден халықты тезірек вакцина алуға шақырды. Джон Хопкинс университетінің дерегінше, құрама штаттарда індет жұқтырғандар саны 33 жарым миллионға жақын. Осылайша, АҚШ әлем бойынша вирустан ең қатты зардап шеккен ел атанып отыр. Екінші және үшінші орындарда Үндістан мен Бразилия тұр.
Ал, Ұлыбританияда карантиндік шектеулер маусымның 21-де емес, шілденің 19-да аяқталатын болды. Мұны премьер-министр Борис Джонсон мәлімдеді. Оның сөзінше, локдаун мерзімі ұзартылмаса, вирустың жаңа штамынан әлі талай адам ажал құшуы мүмкін. Айта кетейік, корольдікте коронавирус жұқтырғандар 64 пайызға өскен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12