Туристік операторлар арқылы демалатын отбасылардың балалары тегін ұшады
2-14 жас аралығындағы баласы бар отбасы ел ішіндегі курорттарға туроператор арқылы билет сатып алса, балалардың билет құны кешіріледі. Туризм саласының мамандары осылай деді. «Kids go free» бағдарламасының әкімшісі және операторы «Kazakh Tourism компаниясы болмақ. Балалардың ұшу шығынын субсидиялайтын бағдарлама отбасылық демалысты ұйымдастыру көлемін арттыруға бағытталған. Субсидия жылына тек бір жолдамаға беріледі. Сондай-ақ, билет құны тек туроператорлар арқылы демалысқа барған отбасыларға ұсынылмақ.
Дастан Рыспеков, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:
Балалардың ұшақ билетінің құны тек туристік пакеттің ішінде болған кезде ғана субсидияланатынын баса айтқым келеді. Яғни, сіз туристік оператордың қызметіне жүгінбей, өз бетіңізбен ұшқан болсаңыз, билет құны төленбейді. Мысалы, 3 балалы отбасы Нұр-Сұлтаннан Алакөлге бір апталық демалысқа барды дейік. Оның шығыны қалыпты жағдайда 350-400 мың теңге болса, шамамен 100 мың теңгені Kids go free бағдарламасы бойынша үнемдеуге болады. Сонда бір отбасы үшін апталық турпакеттің құны 250 мың теңгеге шығады деген сөз.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01