Жапонияда Олимпиаданы өткізуге қарсы шеруге жүздеген адам қатысты
Жапонияда Токио Олимпиадасын өткізбеуді талап ету тоқтамай отыр. Өткен тәулікте Жазғы ойындарға қарсы шеру өтіп, оған жүздеген адам қатысты. Айта кетсек, бүкіләлемдік спорттық жарыстардың басталуына бір айға жетпес уақыт қалды.
Токио орталығына жиналған демонстранттар «Олимпиада доғарылсын!» деп ұрандатты. Олардың сөзінше, алдағы ойындар кезінде коронавирус кең тарап елдегі эпидемиялық жағдай тіпті нашарлайды. Алайда, бұнымен келіспеген үкімет Олимпиаданы қайтсе де өткізуге бекініп отыр.
Жақында жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, жапондықтардың 60-80 пайызы Олимпиада өтпесін немесе кейінге қалдырылсын деген пікірде.
Джун Оэноки, шеруші:
Қазір инфекция тарап жатқан жағдайдамыз. Соған қарамастан, олар Олимпиаданы көрермендермен бірге стадионда өткізуді жоспарлап отыр. Мұнымен шектеліп қана қоймай, ойындар кезінде адамдардың қатынасы жиілейді. Бұдан ауру жұқтыру қаупі бар деп ойлаймын. Ұйымдастырушылар барлық мәселелерді елемейді, мамандардың кеңестеріне құлақ аспайды және олимпиаданы өткізуге әлі тырысып жатыр. Менің ойымша, оған жол берілмеуі керек .
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
03.08.2026, 10:10
«Болашақ ойындары»: Бүгін фиджитал-баскетбол бойынша финалдық матч өтеді
03.08.2026, 10:09
Жарық пен су жиі өшеді: Қырымдағы жағдай
03.08.2026, 10:08
Ақтауда жағадан 25 шақырымға ұзап кеткен жастар құтқарылды
03.08.2026, 10:08
Елордада 17 мыңнан астам қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алды
03.08.2026, 10:07
Шымкентте дауыс берушілер саны 14 632 адамға артты
03.08.2026, 10:06
Алматыда балалардың құқығын қорғайтын басқарма құрылды
03.08.2026, 10:05
Трамп бүгін Иранмен шұғыл келіссөз басталатынын мәлімдеді
03.08.2026, 10:05