СҚО-ның Саумалкөл ауылында құрылыс материалдары дүкені өртенді
Солтүстік Қазақстан облысындағы Саумалкөл ауылында шағын базар өртенді. Болжам бойынша, сыр сататын дүңгіршекте қызыл жалын электр сымдарының тұйықталуынан шыққан. Тілсіз жау тез жайылып, 1037 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт сөндіруге жергілікті құрамның 34 адамы мен 8 техникасы тартылды. «Өртті сөндіруге 3 сағатқа жуық уақыт кетті», - дейді мамандар.
Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетті. Ғимараттың ішінде сыр мен құрылыс материалдары секілді тез тұтанатын заттардың көп болуы және ғимараттың сырты металлосайдингпен қапталғандықтан, өрт сөндіру кезінде қиындықтар туғызды. Сағат 18:40-та өртті тежедік, 1 сағаттан соң толық сөндірдік.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04