«Аманат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Сенат ұйымдастырған журналистер арасындағы «Аманат» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтаған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пандемия кезінде журналистер мен басқа да БАҚ қызметкерлерінің рөлі аса маңызды болғанын атап өтті. Биыл байқауға 100-ге жуық жұмыс келіп түсті. Қатысушылар арасында телеарна, радио, газет пен ақпараттық порталдардың тілшілері бар. Сондай-ақ, биыл байқауға белгілі қазақстандық журналистер Нұртілеу Иманғалиұлы мен Михаил Дорофеев атындағы екі жүлде қосылды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Пандемияға және қабылданған шектеулерге байланысты биыл екінші жыл қатарынан журналистер қиын жағдайда жұмыс істеуде. Соған қарамастан сіздер кәсіби біліктіліктің биігінен көрініп, азаматтарымызды маңызды ақпараттармен дер кезінде таныстырып, өзекті мәселелерге арналған репортаждар мен сараптамалық материалдарыңызды уақтылы жариялап келесіздер. Осындай белсенділіктеріңіз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08