Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 4 млн-нан асты
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 4 миллионнан асты. Мұны АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университеті хабарлап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қаңтарда күніне 18 мыңдай адам көз жұмған еді. Сәл кейінірек вакциналау қарқын алғандықтан, құрбандар саны тәулігіне 7900-ге дейін азайды. Ал, Францияда ковид жұқтырғандардың 40 пайызға жуығынан үндістандық «дельта» варианты табылған. Жергілікті үкімет медицина қызметкерлерін вакцина алуға міндеттеу мәселесін қарастырып жатыр.
«Дельта» нұсқасы қазір Таяу Шығысты да шарпып, Иранды ересек адамдарға екпе салу науқанын жеделдетуге мәжбүрлеп отыр. Сонымен қатар, Ислам Республикасының астанасы Тегеран мен 91 қала қауіптілігі жоғары «қызыл» аймақ деп жарияланды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05