Мемлекет басшысы Сатыбалды Нарымбетовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетовтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
«Сатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді. Қоғамдағы күрделі өзгерістерді, заманның жаңарған келбетін экран арқылы көрсете білді. Шығармашылық ізденістер нәтижесінде дүниеге келген әрбір туындысы сыншылар мен көрермен тарапынан жоғары баға алды. Әр жылдары жарық көрген кітаптарын оқырман жылы қабылдады. Отандық кино өнерін және рухани-мәдени саланы дамытуға мол үлес қосып, соңына өшпес мұра қалдырған Сатыбалды Жәлелұлының бейнесі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын» - деп жазылған Президенттің жеделхатында.
Айта кетейік, Сатыбалды Нарымбетов 75 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмды.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Dota 2 бойынша жарыс өтіп жатыр
03.08.2026, 17:15
Аулаларда заңсыз орнатылған кедергілерді алып тастау бойынша рейд өтті
03.08.2026, 17:14
Алматы облысында жасөспірімдер қауіпсіздігі күшейтілді
03.08.2026, 17:11
Шымкентте тыйым салынған жерде шомылғандар жазаланды
03.08.2026, 17:11
Youth Eco Camp Turaqty Jol: үздік экожобалар анықталды
03.08.2026, 17:08
Ел жаңалықтарына шолу
03.08.2026, 17:07
Сайлау бюллетенінің үлгісі жарияланды
03.08.2026, 17:06
Премьер-министр ExxonMobil Upstream компаниясының президентімен кездесті
03.08.2026, 17:06