«Болашақ ойындары - 2026»: Dota 2 бойынша жарыс өтіп жатыр
Бүгін «Болашақ ойындарының» алтыншы күні. Бірнеше дисциплина бойынша жарыс қыза түскен. Дәл қазір дижитал спорттың тартысын тамашалап жүрген әріптесім Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр. Азамат, бүгін қандай жарыстар өтіп жатыр?
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Мен қазір Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жүрмін. Мұнда әлемге танымал Dota 2 ойыны бойынша жарыс өтіп жатыр. Киберспорттың көрермендері күн сайын көбейіп жатқан сияқты. Әр команданың жанкүйерлері қолдап жатқаны байқалады. Жалпы, Dota 2 додасына 16 кәсіби команда қатысып жатыр. Географиясы да сан алуан. Турнирге Қытай, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан келген командалар қатысып жатыр. Бұл жарыстың шынымен де халықаралық ауқымда екенін дәлелдейді. Айта кетейік, бұл дисциплина бойынша да жүлде қоры – 1 млн АҚШ доллары.
Енді осы дисциплина туралы тарқатып айтсаң. Шарты, ойын барысы қалай екен?
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Дисциплина туралы айтсам, матчтарда бес ойыншыдан тұратын екі команда кездеседі. Әр ойыншы өзіне тән ерекше қабілеттері мен рөлі бар бірегей кейіпкерді таңдап, басқарады.
Басты мақсат – командалық стратегияны, ұжымдық ауызбіршілікті көрсетіп, қарсыластың басты ғимаратын талқандау. Матчтар екі жеңіске дейін өтеді. Бұл жерде тек ойыншылардың жеке шеберлігі ғана емес, сонымен бірге тактикалық шешімдер, шапшаңдық және бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысы шешуші рөл атқарады. Қорыта айтқанда, Ернұр, біз ара-тұра джойстик жарыстырғанша ойнайтын FIFA-дан әлдеқайда қиын сияқты. Ернұр, сенің де киберспортқа қызығушылығың бар ғой. Мұндағы жарыстар күнде таңғы оннан кешкі онға дейін өтеді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті
12.10.2026, 13:46
Бельгия королі мен патшайымының елімізге мемлекеттік сапары басталды
12.10.2026, 13:20
Жетісу облысында тағы 6 ветеринариялық пункт салынып жатыр
12.10.2026, 13:15
Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған
12.10.2026, 13:13
Хуситтер Әр-Рияд әуежайына екі күнде екі рет соққы берді
12.10.2026, 13:10
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 13:07
Қызметтердің 92%-ы электронды форматқа көшірілді
12.10.2026, 13:05
Киберқылмыс 40 пайызға азайды
12.10.2026, 13:03