Аулаларда заңсыз орнатылған кедергілерді алып тастау бойынша рейд өтті
Елордада көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында арнайы техникалардың қозғалысына кедергі келтіретін заңсыз бөгеттерді анықтау бойынша рейд өтті. Мамандардың айтуынша, мұндай кедергілер төтенше жағдайда арнайы қызметтердің оқиға орнына уақытылы жетуіне тосқауыл болады.
Мына заңсыз тұрған блокпосттар мен темір кедергілерді көбінесе тұрғындардың өздері орнатады, дейді мамандар. Бұл бөгеттер өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көлігінің кіріп-шығуына айтарлықтай кедергі келтіреді. Өйткені төтенше жағдайлар кезінде әр секунд, әр минут маңызды.
Ілияс Мейраш, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі басқармасының бас маманы:
Техника бізде қазіргі таңда көлемі жағынан үлкен болып келеді. Аулаға, ең алдымен адамдарға көмек көрсетуге техниканың кіруіне кедергі жасайды. 01:16–01:20 Ол бізден бөлек полиция қызметкерлеріне де және жедел жәрдем қызметкерлеріне де кедергі жасайды.
Тұрғындар арнайы техниканың қозғалысына кедергі келтіретін бөгеттерді байқаса, бұл туралы полицияға хабарлай алады.
Бақыткелді Рахматуллаев, полиция инспекторы:
Бірінші 102-ге хабарласады. Сосын iKomek-ке 109-ға хабарласады. Негізі 109-ға біз хабарландыру береміз, iKomek-ке біз береміз.
Ауладағы шлагбаумдар мен түрлі бөгеттерге қатысты тұрғындардың пікірі әртүрлі.
Жалпы шлагбаум қоюға шектеу жоқ. Бастысы, арнайы техникалардың кіріп-шығуына кедергі келтірмейтін, автоматты түрде ашылатын бөгеттер болуы маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы