Басты Жаңалықтар АҚШ-та вакцина алғандардың 99,99 %-ы ковидтің ауыр формасына шалдықпаған

АҚШ-та вакцина алғандардың 99,99 %-ы ковидтің ауыр формасына шалдықпаған

АҚШ-тың барлық аумағында коронавируспен госпитальге түскен балалар көбейіп келеді.

Дәрігерлердің ойынша, мұндай жағдайдың қалыптасуына ковидтің «дельта» вариантының кең тарауы себепші. Оның үстіне, мұнда 12 жасқа дейінгі жеткіншектерге вакцина салынбаса, 12-ден асқан жасөспірімдердің көбі екпе алмаған. Пандемия басталғалы бір Техас штатының өзінде 15 мыңдай бала мен жасөспірім коронавирусқа шалдығыпты.

Джеймс Версаловик, Техастағы балалар ауруханасының педиаторы, бас патолог:
Шілде айының басынан бері біз аурулар санының тұрақты өсуін байқадық. Сонымен қатар, госпитальге жатқызылған балалар мен жасөспірімдердің де көбейгенін көрдік. Дельта - COVID -тің ең жұқпалы нұсқасы. Қазір ол жеткіншектер арасындағы коронавирус жұқтыру оқиғаларының 90 пайыздан астамын құрап отыр.

Тағы бір айта кететін жайт, АҚШ-та толық вакциналанғандардың 99,99 пайызы вирустың ауыр формасына шалдықпаған. Яғни, иммундалған америкалықтардың тек 0,01 пайызы ғана ауруханаға түсіп, коронавирустан қайтыс болыпты.

Тамыздың 2-не дейін Құрама Штаттарда 164 миллионнан астам адам екпе салдырды. Солардың мың жарымы ғана «ковидтен» жан тәсілім еткен.

 Арыстан Рысбек

Бөлісу