Ауғанстаннан 10 күнде елден шетелдік ұшақтармен 59 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Әлем елдері соңғы 10 күнде Ауғанстаннан 58700 адамды эвакуациялады. Бұған дейін «Талибан» қозғалысы Батыс әскерлеріне тамыздың 31-не дейін кетуді ескерткен еді. Сондықтан, мемлекет аумағынан қашып жатқан ауғандықтан да сол әскермен бірге шетелге ұшуға жанталасып, Кабул әуежайына мыңдап жиналып жатыр. Тәліптер болса, АҚШ пен НАТО контингенттері қыркүйекке қалатын болса, оның зардабын тартатынын мәлімдеді.
Қазір «Талибан» үкімет құру мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.Бұл талқылауға бұрынғы кабинеттің мүшелері мен экс-президент Хамид Карзай да тартылған. Сонымен қатар, тәліптер өз араларынан Кабул басшылығына, барлау директорлығына, ішкі және қаржы министрліктері жетекшілігіне адамдарын тағайындады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02