Венесуэланың батысындағы лай көшкіні мен тасқыннан 20 адам қаза тапты
Венесуэланың батысындағы Мерида штатында төпелеп жауған жауыннан кейінгі лай көшкіні мен су тасқынынан 20 адам қаза тапты. Аймақ губернаторы Рамон Гуевараның мәлімдеуінше, өзендер арнасынан асқанда, 1200-ден астам үй жойылып, 17 тұрғын жоғалып кеткен. Сонымен қатар, алапат топаннан трансформаторлар зақымданып, штаттағы бірнеше қалашық жарықсыз, телефон байланысынсыз қалған. Жергілікті басшылық оларды қалпына келтіруге ресурстарының жетпейтінін мәлімдеді. Ал, құтқару операцияларына 140-тай маман мен армия жауынгерлері тартылып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02