Топырақ құнарлылығын сақтамаған шаруаларға салық салу ұсынылды
Топырақ құнарлылығын сақтамаған шаруаларға салық салу керек. Сенатор Әли Бектаев Үкіметке осындай депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, мал азығы тапшылығын қуаңшылықпен ғана байланыстыру дұрыс емес. Елде топырақ сапасын сақтауға бағытталған мемлекеттік саясат жоқ. Ауыл маңындағы жерлерді бақылаусыз пайдаланудың кесірінен жайылым алқаптардың 60 пайыздайы тозған. Мал азығын өндіретін шабындықтар да азайып кеткен. Депутат шаруаларға субсидия бөлетін кезде жер құнарлығын сақтауды талап етуді ұсынды.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Кейбір өңірде жердің деградацияға ұшырағаны соншалық, сор мен голофиттер көбейіп, Арал теңізіндегідей тұздардың көшуі орын алып жатыр. Жаңадан қабылданайын деп отырған Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың 2021-24 жылдарға арналған мемлекеттік жобасында агросекторды топырақты сақтау үшін нақты шара енгізу қажет.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00