Мексикада жер сілкінісінен 1 адам қаза тапты
Мексиканың оңтүстік-батысында жер сілкісі болды, магнитудасы 7 баллға жеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, зілзаладан кемінде 1 адам қаза тапты. Және де ғимараттар зақымданып, ағаштар құлады. Бұған қоса, жер тербелісінен бірнеше штатта жарық өшкен. Апаттың ошағы Акапулька қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 шақырым қашықтықта анықталды.
Ал, елдің орталығындағы Идальго штатының Тула қаласында төпелеп жауған жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Салдарынан госпитальде ем алып жатқан 17 науқас мерт болды. Өйткені, электр жүйесі істен шыққанда,оларға көмек көрсету мүмкін болмаған. Құрбандардың арасында коронавирусқа шалдыққандар да бар.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02