Куба өзі жасаған үш вакцинаны ДДСҰ-да мақұлдатуға күш салмақ
Куба өзі жасаған үш вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мақұлдатуға күш салмақ. Бұл екпелер «Абдала», «Соберана-2» және «Соберана-Плюс» деп аталады. Олар жақында тіпті 2 жасар балаларға да салына бастады. Аралдық мемлекет қараша айына дейін халқының 90 пайызын иммундауды жоспарлап отыр.
Өткен аптада Кубада күн сайын 7 жарым мың адамнан коронавирус табылып, тәулігіне 80-ге жуық адам қайтыс болды. Дегенмен, бұл көрсеткіштер тамыздағы статистикадан әлдеқайда төмен екен.
Жергілікті дәрігерлердің сөзінше, Иран мен Вьетнамда да өндіріле бастаған кубалық вакциналардың тиімділігі 90 пайыздан кем емес. Дегенмен, кейбір сыншылар бұл нәтижелердің сарапшылар талдауынан өтпегеніне шағымданып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13