Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Өңірлерде вирус жұқтыру дерегі едәуір төмендеген. Инфекциялық төсектер 33, реанимациялық орындар 32%-ға толы. Алайда, Үкімет басшысы Асқар Мамин бұл көрсеткішке тоқмейілсімей, эпидахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Өйткені, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Қарағанды, Павлодар мен Ақмола облыстары әлі де «қызыл аймақта» тұр. Сондай-ақ Премьер-Министр күзде көбейетін тұмау мен басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Бүгінде маусымдық тұмауға қарсы 2 жарым млн доза вакцина дайындалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылорда облысында әлеуметтік көмек алушылар саны азайды
22.12.2025, 20:58
Шымкентте жаңа екі өндіріс орны жұмысын бастады
22.12.2025, 20:54
Қызылорда облысында электр желілері мен станциялар жаңарып келеді
22.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» Жылыой ауданына әлеуметтік көмек көрсетті
22.12.2025, 20:43
Семейде оқушылар сарайы ашылды
22.12.2025, 20:40
«Жыл адамы»: Қазақстандықтардың таңдауы — Қ.Тоқаев пен Димаш
22.12.2025, 20:38
Еңбек адамының құқығын қорғау жүйесі күшейтіледі
22.12.2025, 20:37
2 млн 524 мың адам зейнетақы алды
22.12.2025, 20:10