Алматыда троллейбус екі баланы қағып кетті
Алматыда троллейбус жүргізушісі екі баланы қағып кетті. Оқиға Абай мен Брусиловский көшелерінің қиылысында болған. Жүргізуші мен оқиға куәгерлерінің айтуынша, №5 троллейбус Абай даңғылымен келе жатқан. Сол жердегі кептелісті пайдаланғысы келген балалар бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолды кесіп өткен. Қоғамдық көліктің тізгіншісі тежегішті басқанымен, троллейбус тоқтай алмай, екі баланы қағып кеткен. Жол апатынан зардап шеккен 2008 және 2009 жылы туған екі бала түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауызсу мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55