Президент Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрін қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада Словакияның сыртқы және еуропалық істер министрін қабылдады. Кездесу барысында қос ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты аймақтық қауіпсіздік мәселелері де қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Иван Корчоктың Қазақстанға сапарының маңыздылығына тоқталып, бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы тарихи датаға сәйкес келіп отыр. Екі айдан кейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Келесі жылы Словакия да осындай тарихи межеге жетеді. 2019 жылы біз Братиславада елшілік аштық. Бұл біздің көптеген бағыт бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға бейілді екенімізді көрсетеді.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10