Алматыда танымал блогерлер жарнамалаған компанияның басшысы ұсталды
Алматыда танымал блогер жарнамалаған Mudarabah Capital компаниясының басшысы ұсталды. Қалалық полицияның мәліметінше, оған қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген айып тағылып отыр. Уақытша тергеу изоляторына қамалған 40 жастағы азаматтың үстінен бір топ адам полицияға арыз түсірген.
Еске салайын, бұған дейін Алматы тұрғындары қазақстандық блогерлер түскен Mudarabah Capital жарнамасына шағымданған болатын. Ол жерде компанияның «тиімді исламдық инвестициялармен» айналысатыны туралы айтылған. Роликке түскендердің арасында Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев сынды танымал азаматтар бар. Осыған дейін аталған қылмыстық іске байланысты төрт күдікті ұсталып, олардың үшеуі соттың санкциясымен қамауға алынған болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауыз су мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55