Оралда екі күннің ішінде 10 мың рет жылдамдықты асыру дерегі тіркелді
Оралда екі күннің ішінде 10 мың рет жылдамдықты асыру дерегі тіркелді. Тіпті жүгенсіз жүргізушілердің бірі 34 рет жол ережесін бұзып, 700 мың теңге айыппұл арқалады. Бір апта бұрын қала көшелерінде жылдамдық өлшейтін 40 камера орнатылған еді. Демалыс күндері 10 мың заңбұзу дерегі анықталса, қазір күніне екі мың факт дерекқорға түсіп отыр. Камералар, әсіресе, көлік апаты жиі болатын тасжолдардың бойындағы көше қиылыстарына қойылған. Айыппұл көлемі - 14 мың 500 теңге. Бір аптаның ішінде төлесе, соманың жартысы ғана алынады.
Олжас Ибрайымов, облыстық Полиция департаментінің бөлімше бастығы:
Жергілікті бюджеттен 314 млн теңге қаржы бөлініп, сол қаржыға осы камералар сатып алынды. Ерекшеліктің бірі – екі жақтан да жол ережесін бұзған көлік құралдарын анықтайды. Егер әрі қарай сол жерде сағатына 40 шақырым жол белгісін орнатудың қажеттігі болмаса, ол жер 60 шақырымға ауыстырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауыз су мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55