Соңғы екі айда коронавирустың таралуы 3,4 есе төмендеді
Соңғы екі айда елімізде коронавирустың таралуы 3,4 есе төмендеген. Қазақстан жасыл аймаққа өтті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Алайда вакциналау қарқынын бәсеңдетпеу қажет. Министрдің сөзінше қазір ковид жұқтырғандардың 96 пайызы екпе алмағандар.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:Қазақстандағы эпиджағдай тұрақталып келеді. Дегенмен күніне мың жарым адам ковид жұқтырып, 20-30 науқас көз жұмып жатыр. Вакцинаның бірінші дозасын 8,5 миллионға жуық адам қабылдаған. Бұл егілуге тиіс халықтың 75 пайызы. Енді оқушылар да вакциналанады. Оқу жылы басталғалы 22 мың оқушы коронавируспен ауырған. Дегенмен ата-аналар рұқсат бермесе екпе егілмейді.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:Жасөспірімдерді вакцинациялауға білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің ақпараттандырылған жазбаша келісімімен ғана жол беріледі, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша жасөспірімдер медициналық ұйымның егу пункттерінде егіле алады.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:Осы айдың аяғына қарай ревакциналау науқаны басталады. Бірінші болып екпе қабылдағандар үшінші дозаны алуы керек. Әйтпеген жағдайда екінші дозадан кейін бір жыл өткен соң Ашық қосымшасындағы статус өзгеруі мүмкін. Ал ревакциналау туралы ақпарат вакцина паспортына жазылады.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы:Қазір вакцинадан кейінгі иммунитеттің қанша уақытқа жететіні туралы нақты ақпарат жоқ. Дегенмен оның күші 7 айдан 1 жылға дейін болады деген дерек бар. Осыған байланысты Ашықтағы жасыл статус бір жылға қойылған. Егер де жаңа мәліметтер шықса онда өзгереді. Алайда қазір бүкіл әлем ревакциналауды қолға алып жатыр. Бұл иммунитеттің қысқа мерзім ғана сақталатынын айғақтайды.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:Брифинг барысында Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният үш айдан кейін ревакциналаудан өтетінін айтты. Ол Қазвак вакцинасын салдырамын деді. Дегенмен екпе денсаулыққа 100 пайыз қорғаныс бермейді. Мәселен биыл вакцина салдырғандар арасында өкінішке қарай 930 адам ковидтен көз жұмған. Ал егілмегендер арасында 13 мыңнан асып кеткен.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26