Британия Колумбиясында төтенше жағдай жарияланды
Канаданың Британия Колумбиясы провинциясын су тасқыны жайлап, сел көшіп, төтенше жағдай жарияланды. Одан 1 адам қаза тауып, тағы бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Биліктің мәлімдеуінше, марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Табиғи апат соққы берген аймақтарда жол жабылып, теміржол қатынасы үзілді. Меритт қаласының 8 мың тұрғынына қауіпсіз жерге көшу туралы бұйрық берілді. Оларды құтқаруға елдің Қарулы күштері тартылған. Ауа райы мамандарының мәліметінше, алдағы күндері тағы қатты нөсер жаууы мүмкін. Экологтар Канаданы жайлаған табиғи апатты климаттың өзгеру құбылысымен байланыстырып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03