Колумбияның қарулы күштері 10 тонна кокаин тәркіледі
Колумбияның қарулы күштері 10 тонна кокаин тәркіледі. Бұған қоса, елдің оңтүстігінде есірткі жасайтын екі зертхананы жойған. Елдің Қорғаныс министрілігінің мәлімдеуінше, заңсыз нысандар көтерілісшілерден құралған солшыл Ұлттық азат ету армиясына тиесілі. Тәркіленген кокаин 300 млн долларға бағаланып отыр. Ондаған жылдар бойы есірткі тасымалымен күрес жүріп жатқанымен, Колумбия әлемде кокаин өндіруден бірінші орын алады. Былтыр елдің әскерилері мен полиция қызметкерлері 505 тонна есірткі кокаин тәркілеген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03