Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді
Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирусқа қарсы вакцина ресми түрде тіркелді. Препарат 12-17 жастағыларға салынады. Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы шығарған «Спутник М» екпесі ересектерге арналған «Спутник-V» вакцинасының жеңіл түрі. Оның құрамындағы белсенді заттардың концентрациясы 5 есе аз. «Үш кезеңдік сынақтан өткізілген COVID-19-ға қарсы вакцина жаңа штамдарға қарсы тұра алады»,- дейді мамандар. Жасөспірімдерге екпе ерікті түрде және ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімімен ғана жасалады.
Александр Арутюнов, дәрігер:Бұл бәріне жаппай екпе салынады деген сөз емес. Міндетті түрде вакциналаудың алдында жасөспірімнің денсаулығы мұқият тексеріледі, созылмалы ауруы барларға салынбайды. Сонымен қатар анти денелері жеткілікті болса, екпе кейінге шегеріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03