Алматыда «Омикрон» штамының таралу ықтималдығы жоқ
Алматыда коронавирустың «Омикрон» штамының таралу ықтималдығы жоқ. Оған басты себеп - мегаполистегі эпидахуалдың тұрақтала бастауы. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты.
Жазира Оразқызы, тілші:
Дәл қазір Алматыда «омикрон» штамының таралу ықтималдығы болмаса да, Сәдуақас Байғабылов оның қауіптілігін назардан шығармау керектігін екертіп отыр. Қазір қалада жағдай тұрақталды. Соңғы тәулікте 65 адамнан ғана инфекция табылған. Десе де, мамандар COVID-19 штамдары негізінен ауада тез тарап, тыныс алу жолдары арқылы жұғатынын айтқан. Сондықтан жаңа штамм анықталған елден өзге мемлекеттерге таралып кетуі мүмкін.
Сәдуақас Байғабылов, қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Жаңа штамм - «омикрон» бүгінде жан-жақты зерттеліп жатыр. Оның қауіптілігі, симпомдық белгілері, таралу аймағы қандай? Бұл ақпараттардың нәтижесі алдағы 2-3 аптада белгілі болады. Бастысы дәл қазір Алматыда «омикронның»" таралу қаупі жоқ екенін айтқым келеді.
Жазира Оразқызы, тілші:
Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, қазір халықаралық бағыттағы әуе рейстері қайта ашылып жатыр. Бұл да жаңа штамның таралуына әсер етуі ықтимал. Себебі жолаушылардың арасында екпе алмағандар да бар. Мәселен, бір тәулікте Алматыға 3365 жолаушы ұшып келса, оның тек 51-інде ғана вакцинация паспорты болған. Ал жаңа штамм - «омикроннан» қорғанудың, індетті таратпаудың басты жолы - екпе алу дейді Сәдуақас Байғабылов.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылорда облысында әлеуметтік көмек алушылар саны азайды
22.12.2025, 20:58
Шымкентте жаңа екі өндіріс орны жұмысын бастады
22.12.2025, 20:54
Қызылорда облысында электр желілері мен станциялар жаңарып келеді
22.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» Жылыой ауданына әлеуметтік көмек көрсетті
22.12.2025, 20:43
Семейде оқушылар сарайы ашылды
22.12.2025, 20:40
«Жыл адамы»: Қазақстандықтардың таңдауы — Қ.Тоқаев пен Димаш
22.12.2025, 20:38
Еңбек адамының құқығын қорғау жүйесі күшейтіледі
22.12.2025, 20:37
2 млн 524 мың адам зейнетақы алды
22.12.2025, 20:10