Үкіметте өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды
Биыл өңдеу өнеркәсібі 5,3 пайызға өскен. Ал салаға құйылған инвестиция 78 пайызға яғни 1 триллион 200 миллиард теңгеге дейін көбейіп отыр. Бүгін Үкіметте өнеркәсіпті дамыту мәселелері қаралған болатын. Премьер-министрдің айтуынша қазір сала жанданып келеді. Әсіресе фармацевтикада, машина жасауда, құрылыс материалдары өндірісінде және азық-түлік өнімдері өндірісінде айтарлықтай алға жылжу бар. Алдағы уақытта тағы ондаған жоба іске қосылмақ. Бұл өңдеу өнеркәсібін дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Индустрияландыру картасының шеңберінде тамақ өнеркәсібінде, құрылыста, машина жасауда, металлургияда және басқа салаларында жалпы соммасы 1,3 трлн тг барлығы 139 индустриялдық жобаны іске қосу жоспарланған. 12,7 мың жаңа жұмыс орны құрылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04