Мәскеудегі атыс: 2 адам мерт болып, 4 адам жарақат алды
Мәскеуде мемлекеттік қызмет көрсету орталығында атыс болды. Бұрынғы армия подполковнигі екі адамды атып, төрт адамды жаралады. Маска тағу жөніндегі ескертуді елемей, кузетшімен сөзге келіп қалған 45 жастағы ер адам тапаншадан оқ жаудыра бастаған. Күзетші оқиға орнында қайтыс болды. Сонымен қатар қаныпезер орталық қызметкерін де атып өлтірген. Тағы 4 адам жараланды, олардың ішінде 10 жастағы қыз бала бар. Жарақат алғандардың жағдайы ауыр. Ал оқ жаудырған қаскөйді орталықта істейтін ішкі істер министрлігінің көші-қон жөніндегі қызметкері қолға түсірген.
Георгий Домолаев, орталық қызметкері:
Оны ұстау туралы шешім қабылдағаннан кейін соңынан жүгірдім. Ұсталған кезде ол қарсылық көрсетті. Белбеуінде пышақ бар екенін көрдім. Ұстаған соң көмек келуін күттім
Ұсталған күдіктіге қатысты психиатриялық сараптама тағайындалды. Ресей тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03