«Омикрон» әлемнің 57 еліне жеткен
Коронавирустың «омикрон» штамы жер шарының 57 еліне жетті.
Мұндай мемлекеттердің қатары алдағы уақытта көбейе беруі мүмкін. Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, ковидтің жаңа түрінің әрі қарай таралмауы үшін әлем елдері әрекет етуі керек. Қазір ғалымдар «омикроннан» адамзатқа қаншалықты үлкен қауіп төніп тұрғанын толық білмейді. Бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп жатыр. Pfizer компаниясы басшыларының айтуынша, бұл вакцинаның үшінші дозасын салдыру арқылы «омикроннан» қорғануға болады. Ал Денсаулық сақтау ұйымы бұл мәлімдемеге қатысты өзінің нақты позициясын бірнеше күннің ішінде жариялайтынын хабарлады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Баскетболдан турнир басталды
30.07.2026, 13:23
«Заң түні»: Астанада тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
30.07.2026, 13:06
«Әділет» партиясының өкілдері театр ұжымымен кездесті
30.07.2026, 13:04
Отбасы құндылығы – Конституция қорғауында
30.07.2026, 13:01
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01