Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді
Атқарушы билік инфляцияны реттей алмағаны үшін кінәлі.
Мемлекет басшысы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізіп, жауаптылардың жұмысын сынға алды.
Сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, оның ішінде - Энергетика министрлігі, «Қазмұнайгаз» бен «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі деді. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуалдың біртіндеп түзелетінін атап өтті. Ал сұйытылған газды электронды сауда алаңдары мен биржалар арқылы өткізуді бір жылға шегеруді бұйырды. Осы кезеңде нормативтік-құқықтық базаны мұқият әзірлеп, сауда алаңдары жұмысының ашық болуын қамтамасыз ету, бағаның күрт өсуін шектеу тетіктерін енгізу қажеттігін тапсырды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сұйытылған газ бағасына 180 күнтізбелік мерзімге бағаны уақытша реттеуді жүктеді. Өңірлерде халық үшін шекті баға былтырғы деңгейден аспауы керектігін ескертті. Ал сұйытылған газ өндіретін жаңа зауыт салу жөніндегі тапсырма ертеректе берілген. Маңғыстау облысындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» базасында салынуы тиіс-тін. Бірақ тапсырманың орындалуы баяу, шаруалары шикі. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы реформалауға қатысты жүйелі әдістің жоқ екенін айтты. Алдағы уақытта газ саласын сапалы түрде қайта қарап, ішкі нарықты тауарлық газбен толыққанды қамту керектігін айтты. Сонымен қатар Президент елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық құрылысы өзгермейтінін айтты. Жиын соңында әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар қосымша тапсырма берді.
Нақтырақ айтсақ:1. Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізу;2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;3. «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңды әзірлеуге кірісу;4. Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;5. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;6. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру;
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04