Қазіргі Алматыдағы ахуал: Күл-қоқысқа толған көше, өртенген көлік...
Алматыда бандалық құрылымдарды ұстау операциясы әлі жалғасуда. Қалада жанармай бекеттерінің кейбірі ашылды. Алайда жүргізушілер ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр. Қазір қаладағы ахуал қандай? Қуан Нұрақын бақылап қайтты.
Қуан Нұрақын, тілші:
Алматыда тәртіпсіздік болғанына бүгін 4-күн. Бандалық құрылымдарды ұстау операциясы әлі де жалғасып жатыр. Қала көшелері күл-қоқысқа толы. Өртенген көліктер көп. Тіпті әр жерден адамдардың мәйітін де байқауға болады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Алматыдағы азық-түлік дүкендерінің алдындағы жағдай қазір осындай. Ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Тұрғындардың айтуы бойынша, адамдарды бірден-екіден кіргізіп, азық-түлік түрлерін есептеп беріп жатыр.
Бақтыгүл Аманжолова, қала тұрғыны:
Қазіргі ахуал мынау, дүкенге келіп тұрмыз. Азық-түліктер бар.
Қуан Нұрақын, тілші:
Ең көп зардап шеккен нысандардың бірі бұл - электроника және тұрмыстық техника сататын дүкендер. Мына біз тұрған жерде ұялы телефоннан бастап, үлкен тұрмыстық техниканың бірін қалдырмай алып кеткен. Тұрғындардың сөзінше, тонаушылар бір емес, бірнеше мәрте келген.
Қайратбек Баймұқанұлы, қала тұрғыны:
Таңертең осы жерде бәрі 10:00 шамасында өтті. Осы жерден жиырма мыңдай адам өтті. Бәрі «Аға, қосылыңыздар! Қосылыңыздар!» деді.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10