Бесағаш - татулығы жарасқан ауыл
Қазақы салт-дәстүр мен өнерді ұлықтаған татар ауылы. Жамбыл облысы Бесағаш елді мекеніндегі өзге ұлт өкілдері осындай қасиетімен жұртқа мәлім. Мұндағы татар ұлтының әрбір өкілі мемлекеттік тілге жетік. Қазақша ән салады.
Жөн-жоралығыны да жақсы біледі. Ұлттық нақышпен кесте тігіп, құрақ та құрайды. Бесағашықтықтар мұның барлығы ортақ үйіміз - Қазақстандағы берекелі тірлік пен ынтымақтың арқасы дейді
Лаураның ұлты - өзбек. Татар отбасына келін болып түскен. Өнерлі келіншектің кәсібі - ісмерлік. Ұзатылар қыздың жасау-жиһазын тігеді. Қазақтың да татардың да ою-өрнегі мен нақышының бедерін жетік меңгеріп алған. Әркімінің қалауына қарай ойындағасын жасап береді.
Лаура Дадабаева, Бесағаш ауылының тұрғыны:
Қазақтардың көрпелерінде ою көбіне қошқар мүйіз, үшбұрышты, бесжұлдызды болып келеді. Ал татарлардың көрпелерінде көбіне дөңгелек пішінді. Гүлді. Күннің шуағы секілді.
Тараз қаласының іргесіндегі Бесағашқа татарлар осыдан екі ғасыр бұрын келіп, қоныс тепкен. Бүгінде қазағы мен қырғызы, өзбегі мен татары аралас болса да тілі де, тілегі де ортақ. Ойын-тойда татар апалар бас болып, қазақы әнмен той бастайды.
Рахилә Насибулина, Бесағаш ауылының тұрғыны:
Бәріміз тату-тәттіміз. Ұйымшылмыз.
Асық ату - татар ұлты қалың қоныстанған Бесағаш ауылы балаларының сүйікті ойыны. Күн ұзақ сақасын сайлап, асығын иіріп жатқаны. Татулығы жарасқан бесағаштықтар елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы ұлттар арасындағы ынтымақ пен қарым-қатынасты одан әрі бекемдей түсетініне нық сенімді.
Рауза Сакаева, Бесағаш ауылының тұрғыны:
Ұлтына қарай бөлектеу жоқ. Ассамблеядан күтетініміз бірлік, аспанымыз ашық болсын.
Әрбір ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетін ұлықтау - еліміздегі тыныштық пен татулықтың кепілі. Мұны бесағаштықтар өзгелерге үлгі етіп отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
26.12.2025, 20:58
Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
26.12.2025, 20:56
МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.12.2025, 20:54
Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
26.12.2025, 20:46
Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
26.12.2025, 20:44
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
26.12.2025, 20:42
Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
26.12.2025, 20:40
Дәуір көшіп барады...
26.12.2025, 20:38