Президент: Бір күндік жалақыны жинауға қарсымын
«Мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерден бір күндік жалақы аудуртудың қажеті жоқ». Бизнес өкілдерімен кездесу барысында Президент осындай ескерту айтты. Төтенше жағдай кезінде «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударған кәсіп иелеріне алғыс білдірді. Әрі бизнес пен билік жаңа Қазақстанның болашағына тең дәрежеде жауапты екенін ескертті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:Әйтпесе, мемлекеттік қызметшілерден, бюджет қызметкерлерінен бір күндік жалақы жинай бастады. Мұны жасаудың қажеті жоқ. Бұл - мүлдем қажетсіз бастама. Тағы да қайталап айтамын, бұл бюджеттік қор емес. Бұл - Қазақстан халқының қоры. Сондықтан оның жұмысы ұзаққа созылатын бюрократиялық процедурасыз болуы тиіс. Бұл жұмыс мүлдем ашық болады. Барлық ірі компания жыл сайын қорға салық салынатын кірісінің пайызын аударып отырады. Қор пайдалы қайырымдылық іспен айналысады. Бизнес қоғамдастық бұл бастаманы шынайы қолдайды деп үміттенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04