Қазақстанның бірнеше өңірінде жарық өшіп қалды
Жамбыл және Түркістан облысы, Алматы, Шымкент, Талдықорған қалаларының тұрғындары да электр қуатынсыз қалғанын айтқан.
Қуан Нұрақын, тілші:
Жарық сөнгендіктен, қазір Алматыда қазір бағдаршам істемей, көшелерде көлік кептелісі пайда болды. Электр қуатымен қатынайтын троллейбустар жол ортасында қалды. Қаланың кейбір тұрғындары 10-15 минуттан соң қайта жарық берілгенін айтса, кейбір аумақта жарық мүлде сөнбеген.
Аманжол Базарбаев, троллейбус жүргізушісі:
Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Бұрын өшкен жағдайда да 15-20 минут қана тұратынбыз. Қазір Қазақстан бойынша жоқ деп жатыр ғой. Басқа мемлекеттерде жоқ дейді. Бір сағаттай болды тұрғанымызға. Әлі белгісіз қай уақытта жүретініміз.
Қуан Нұрақын, тілші:
Электр қуатына жауапты KEGOC компаниясының түсіндіруінше, Өзбекстан мен Қырғызстан энергия жүйесінде туындаған едәуір теңсіздіктің салдарынан «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік Қазақстанға» 500 кВ көлемінде шамадан тыс қуат келген. Соның салдарынан тоқ дұрыс бөлінбей, Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі кейбір аудандар жарықсыз қалған. Компания қазір апатты жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10