Алматыға шабуыл жасаған содырлар Қазақстанға жұмысшы ретінде ұшып келген
Көптеген содырлар, соның ішінде олардың командирлері Алматыдан кетіп қалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» арнасының журналисіне берген сұқбатында осылай деді. Мемлекеттік төңкеріс әрекетінің артында кім тұр деген сауалға мемлекет басшысы тергеуге болжам айтқысы келмейтінін жеткізді.
«Содырлардың бірі ауылдық жерде халықпен сіңісіп кетті, енді бірі шекара асып кетті. Олар сақалдарын қырып, сыртқы келбетін өзгертті деген деректер бар. Оларды ұстасаң қарапайым адам екенін айтады» деді Президент. Оның айтуынша, тәртіпсіздіктердің ауқымын ескере отырып, барлық ұсталғандар кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар бола алмайды. Сондай-ақ, Алматыға шабуыл жасаған содырлар Қазақстанға жұмысшы ретінде ұшып келген. «Бұл - мұқият жоспарланған әрекет. Сырттан келген содырларды тарта отырып, басқыншылық әрекет жасалды. Қазір тергеу нәтижесі Орталық Азияның бір қаласынан келген азаматтардың әуежей арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін басып алынғанын көрсетіп отыр. Олар - оқытылған жауынгерлер» деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы кезінде шеруге шыққандардың арасында есірткіге мас болғандар туралы да айтты.
«Қазір тергеуден бандиттер есірткі затына мас болғаны анықталып отыр. Ауырсыну сезімі болған жоқ. Қорытынды кезеңте күш органдары күш қолдана бастағанда, аяғынан ата бастағанда құлады, бірақ ауырсынбады. Бұл жоспарланған операция екенін тағы бір мәрте көрсетіп отыр», - деді Президент.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04