Десантшыларды тірі қалқан ретінде пайдаланды: Президент ескертусіз оқ атуға бұйрық беруінің себебін түсіндірді
Бейбіт шерушілерге оқ атуға бұйрық берді деп сөйлеудің қажеті жоқ. Бұл кезде алаңда бейбіт шерушілер болған жоқ. Мемлекет басшысы сұхбатта неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді.
«Бас десе құлақ деудің қажеті жоқ. Олар қарақшылық жасап, бүлік шығарып жатты. Бандиттердің ісінен асқан жауыздық байқалды. Төтенше жағдай енгізілгенде басты ұйымдастырушы - ішкі органдар. Ал терроризмге қарсы операция жарияланса, басты ұйымдастырушы Ұлттық қауіпсіздік комитеті болуы керек. Іс тапсырылмай, жиналыстар болып жатқанда бұлай өту қиын болды. «Мырзалар, соғыс болып жатса, сіздер кеңесіп отырсыздар. Мен сіздерге бүлікті басуға барлық жауапкершілікті тапсырамын, жоғары қолбасшы ретінде ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасы ретінде бұйрық беремін» дедім», - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.
«Алғашында полицейлердің қолында дубинка болды, олар шу гранаталары, көзден жас ағызатын газбен қаруланды. Біз шерушілерге қарсы қару қолданылмайды деп келдік. Сосын суатқыш машиналар болды. Бірақ бұл машиналарды қолдана алмады. Себебі бандиттер бірден басып алды. Қару-жарағы болмаған десантшылар қатты зардап шекті. Оларды шешіндіріп, Президент Резиденциясына шабуыл кезінде тірі қалқан ретінде пайдаланды. Бұл бір. Екіншіден, әйелдерді қолданды», - деді Президент.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04