Италиялықтардың Астанаға ықыласы ерекше
Астана күніндегі мерекелік шаралар мен бас қаланың соңғы жылдары жеткен жетістігі туралы италиялықтар хабардар болады.
Елдің ірі ақпарат агенттігінің басшысы Уго Дель Аммико Елорда күніне арнайы келіп, ауқымды мақала жазбақшы.
Журналист былтыр күзде біздің елде бір рет болған. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы, «Қазақстан-2030» Стратегиясы туралы жеке-жеке журнал шығарған ол қазір италиялықтарға EXPO-2017-ні жарнамалап жүр.
«Қазақстан осы бағыттан таймаса, дамыған 30 елдің қатарына еніп, Астана әлемдегі ең көрікті елордаға айналады», дейді тілші.
Уго Дель Аммико, Италияның «AGIR» ақпараттық агенттігінің директоры:
Қазақстан, Астана туралы журналист болғаннан кейін, көп нәрсені оқып, білетінмін. Бірақ, көп естігенше, бір рет көрейін деп былтыр күзде Астанаға арнайы бардым. Елдің бас қаласының сәулетіне тәнті болдым. Тіпті, қалаға ғашық болдым. Астана - экономикалық, мәдени тұрғыда қарқынды дамып келе жатқан қала. Әлемдегі ең көрікті, ең бай астаналардың бірі. 23 жылдың ішінде Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосылып, қазір алып мемлекеттер санасатын дәрежеге жетті. Жас мемлекеттің осы жетістіктерін мен жаһанға жария етуден жалықпаймын.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10