Басты Жаңалықтар Испанияда далада маска тағуды міндеттейтін қаулы өз күшін жояды

Испанияда далада маска тағуды міндеттейтін қаулы өз күшін жояды

Испанияда ертеңнен бастап далада маска тағуға міндеттейтін қаулы өз күшін жояды. Мұны корольдік үкіметінің баспасөз хатшысы Изабель Родригес мәлімдеді. Бұл мемлекетте сыртта маска тағу ережесі желтоқсанда қайта енгізілді. Оған себеп – коронавирустың «омикрон» штаммының тез тарауы.

Өткен екі аптада Испанияда ковид жұқтыру фактілері 100 мың адамға шаққанда 1997 оқиғаға дейін азайды. Ал, қаңтарда бұл көрсеткіш 3400-ге жуық еді.

Жақында Еуропаның бірнеше елі COVID-19-бен байланысты шектеулерді алып тастады. Ал, сыртта маскасыз жүруге рұқсат берген мемлекеттер қатарында Франция мен Италия да бар.

«Омикрон» қараша-қаңтар айларында кең тарады. Бірақ, оның салдарынан госпитальге түскендер мен қайтыс болғандар көбеймеді.

Кейбір бақылаушылардың ойынша, аймақта карантиннің доғарыла бастауына халықтың көп бөлігінің вакциналануы және «омикронның» жеңілдігі себепші.

Арыстан Рысбек

Бөлісу