Киев Ресейге 48 сағат ішінде кездесу өткізу туралы талап қойды
Украина өз шекарасы маңындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ресей мен Еуропа елдерін 48 сағат ішінде кездесу өткізуге шақырды. Сондағы мақсаты – Мәскеудің алдағы күндердегі әскери жоспарын анықтау.
Президент Владимир Зеленский болса, америкалық әріптесі Джо Байденге хабарласып, оны Киевке шақырды. Зеленскийдің ойынша, Америка лидерінің Украинаға сапары аймақтағы дағдарысты жеңілдетуге үлес қосады. Дегенмен «Си-эн-эн» телекомпаниясының хабарлауынша, Байденнің бұл мемлекетке таяуда баруы екіталай.
Ресей әскері басып кіреді деген қауіпке байланысты АҚШ, Канада, Австралия және тағы басқа елдер өз елшіліктерін Киевтен Львовқа көшіріп жатыр. Сонымен қатар ОБСЕ өкілдері Донбасстан кетуге мәжбүр. Бұған қоса Украинада бүгін көптеген әуе рейстері доғарылған.
Ресей әскері Украинаға басып кіреді деген қауіп күшейіп келеді
АҚШ пен НАТО-ға сенсек, Ресей армиясы Украинаға алдағы бірнеше күнде басып кіреді. Тіпті бұл шабуыл Бейжің Қысқы Олимпиадасы аяқталғанша басталады деген болжам бар. Мәскеу болса Беларусь пен Украина маңына 130 мыңнан астам әскерін жаттығу үшін ғана шоғырландырғанын мәлімдеп келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04