Англияда ковидтік шектеулер түгелдей алынып тасталуы мүмкін
Англияда осы айдың соңында ковидтік шектеулер түгелдей алынып тасталуы мүмкін. Мәселен, коронавирус жұқтырғандардың оқшаулануы міндеттелмейді.
Шектеулер түгелдей алынып тасталуы мүмкін
Марина Бекенова, тілші:
Бұған елдегі санитарлық эпидахуалдың тұрақталуы себеп. Бүгінде Англия мен Уэльсте індеттен қайтыс болғандар саны шамамен 100 адамға азайып отыр. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, ковидке шалдыққан науқас кем дегенде 5 күнге оқшаулануы керек болатын. Ал енді бұл талап күшін жоюы ықтимал және ережені бұзған адам 10 000 фунт айыппұл төлемейді. Бірақ науқасқа үйден шықпауға кеңес беріледі. Биліктегілер осылайша халықты ковидпен өмір сүруге бейімдемекші.
Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:
Қазіргідей оң тенденция сақталатын болса, мен соңғы ішкі шектеулерді, соның ішінде ковид жұқтырғандарды оқшаулануға міндеттейтін заң талабын 21 ақпаннан бастап алып тастай аламын деп үміттенемін.
Бүгінде Англияда қоғамдық орындарда маска тағу, вакцина паспортын көрсету және қашықтан жұмыс істеу сияқты шектеулер доғарылған. Оған қоса Ұлыбританияға келген ковидке қарсы екпесі бар жолаушылардан ПТР тесттің теріс нәтижесі талап етілмейді. Тіпті вакцина салдырмағандарға оқшаулану міндеттелмейді, тек тест тапсырса жеткілікті.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04