Алматы облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешені ашылды
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдардың ажары кірді. Халық игілігіне қажетті нысандар көптеп бой көтеруде. Әсіресе бұқаралық спортты дамытудың маңызы артып келеді. Алматы облысының Жібек жолы ауылында жастарды спортқа баулитын жаңа кешен ашылды. Спорт ғимараты ауылдан шыққан азаматтардың қаржысына салынған. Бір мезгілде 240 бала жаттыға алады. Қажетті спорттық жабдықтармен қамтылған. Ауыл балалары бокс, қазақша күрес сияқты спорттың алты түрінен үйірмеге қатысады. Кешен жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек. Жібек ауылының тұрғындары орталықта болашақ чемпиондар өсіп шығарына сенемді.
Нұрғазы Рахимов, «Жібек жолы» ауылының тұрғыны:
Алдағы мақсат 2-3 жылда Қазақстаннан чемпион шығарамыз әр спорт түрінен деген мақсатта салынып жатыр. Соған жұмыс істейміз. Осындай кешендер Қазақстанның әр ауылында салынса, бір-бір кешеннен салынса, Қазақстаннан мықты спортшылар шығады деген ойымыз бар.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58