Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
Германияда Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде өткен сайлауда канцлер Фридрих Мерцтің партиясы парламентке өткен жоқ. Ол ландтагқа өтуге қажетті 5 пайыз дауыс жинай алмаған. Жеңіс әсіре оңшыл «Германия үшін балама» партиясына бұйырған. Олар 38,2 пайыз дауыс жинады. Ал екінші орында социал-демократтар, үшінші болып «Солшыл» партия жайғасқан. Берлинде өткен сайлау нәтижесі де Мерцтің партиясы үшін жеңіс әкелмеді. Көпшілік мұнда «Солшыл» партияға дауыс берсе, «Германия үшін балама» үшінші орынға шықты. Ал Христиан-демократиялық одағы екінші орын алды. Канцлердің өзі сайлау нәтижесін «апат» деп атады. Христиан-демократиялық одағы бұған дейін өткен жергілікті, федералдық сайлауларда ешқашан осыншама төмен нәтижеге ие болмаған. Дегенмен Мерц реформаларды әрі қарай жалғастыруға ниетті екенін айтып, канцлер лауазымынан кететіні туралы мәліметті жоққа шығарды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы