Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты маңызды шешім қабылдайтын кезең келгенін мәлімдеді. Бұған қатысты өзінің үш нұқсасы барын айтты. Олар - АҚШ-пен келісімге келу, Иранның экономикалық күйреуіне мүмкіндік беру немесе елді толықтай жойып жіберу. Бұған қоса Трамп жақын арады ірі оқиғалар болатынын да ескертті.
Ал Иран болса, барлау деректеріне сүйене отырып, АҚШ Таяу Шығыстағы кейбір елдердің үнсіз келісімімен Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерін қайта жалғастырмақ деп мәлімдеді. Тегеранның мәлімдеуінше, Вашингтон осы арқылы өз сәтсіздіктерін жасыруды көздейді.
Дегенмен тараптарды татуластыру ісін Қатар жалғастырып жатыр. Доха АҚШ
пен Иранға келіссөзді қайта бастауды ұсынған. Бұл ретте Қатардың сыртқы істер
министрлігі АҚШ Иранмен келісімге келуден және қақтығысты аяқтаудан үмітті
екенін меңзеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы