Қасым-Жомарт Тоқаев «Ресей Қазақстанды құтқарды» деген алып-қашпа сөздерге жауап берді
Мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасынан кейін «Қазақстан Ресейге қарыз болып қалды, көрші ел бізді құтқарды» деген мәселелерге кеңінен тоқталды. Айтуынша: «бұл құтқару емес. Ортақ мүддемізді қорғау. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы - ортақ альянс. Олардың бітімгер әскері келгенде өз елдерінің де қауіпсіздігін ойлады. Сол ұшын қол ұшын созды», - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Путинге қарыз боп қалдық дегенге келсек, бұл бос әңгіме. Мұны доғару керек. Біріншіден, ҰҚШҰ контингенті Путиннің немесе Ресейдің жеке әскері емес. Оған мүше елдердің бәріне ортақ. Қазақстан осы ұйымның толыққанды мүшесі және оның қалаушысы. Қазақстанның тұрақтылығы Ресейге өте қажет. Оны дұрыс түсінуіміз керек. Ресеймен арамызда шынайы достық пен өзара сенім болу керек. Біз ешкімге қарыз емеспіз. Қазақстан - егемен мемлекет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04