Ұлыбританияда балаларға екпе салынады
Ұлыбританияда 5 пен 11 жас аралығындағы барлық балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынады. Үкіметтің Вакциналар жөніндегі консультативтік комитетінің сарапшылары осындай ұйғарымға келіп отыр.
Осылайша елдегі 6 миллионға жуық бала ата-анасының рұқсатымен «Pfizer» вакцинасының екі дозасын араға 12 апта салып, ектіре алады. Бұл шешім АҚШ, Канада, Ирландия және Израиль сияқты елдермен салыстырғанда кеш қабылданды. Вакцинаның балалар денсаулығына қауіпсіз екендігіне көз жеткізу үшін уақыт қажет болды, дейді үкіметтегілер.
Саджид Джавид, Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі:
Балалардың Covid-19-ға шалдығу қаупі аз екендігі белгілі. Сондықтан Ұлттық денсаулық сақтау қызметі алдымен ересектер мен жастарға екпе салуға ерекше көңіл бөлді. Енді міне кішкентай жеткіншектердің де кезегі келді.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04