Елімізде ЕАЭО аясында бәсекелестік құпияны сақтау туралы құжат қабылданды
Сенат бәсекелестік қағидаларына қатысты заң жобасын қабылдады. Бұл Еуразиялық одаққа қатысты құжат. Одақ мүшелері арасында бәсекелестік құпияның сақталуы бойынша әкімшілік және қылмыстық жаза қаралған. Ал ақпараттың құпиялығын оның иесі шешеді. Ол банк немесе коммерциялық мәліметтер болуы мүмкін. Дербес деректердің де жасырын ұсталуы талап етіледі. Бұған Еуразиялық экономикалық комиссия жауапты. Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылайды. Мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан құпия ақпаратты сұратады әрі алдырады. Ал егер жария етсе, жаза бар.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қабылданған Заң Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінде бәсекелестік қағидаларының сақталуын бақылау кезіндегі жекелеген ережелерді нақтылайды. Бұл осы бағыттағы құпия ақпаратты қорғау тәртібін жетілдіруге және оны жария еткені үшін жауапкершілікті күшейтуге құқықтық негіз қалыптастырады.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04