Украинада қалған жүк тасымалдаушылар көмек сұрады
Украина аумағында қазақстандық 50-ге жуық жүк көлігі қалып қойған. Оның 11-і Ақтөбе облысында тіркелген 5 компанияға тиесілі.
Бұл туралы облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері хабарлады. Украинадан шыға алмай тұрған жүргізушілердің көбі Киев, Харьков,Днипро және Львов қалалары маңында тұрғанын айтқан. Олар көліктерін тастап ұшып кете алмайды. Себебі, компаниямен арадағы келісім шартты бұзбауы тиіс. Ақтөбелік 11көліктің тоғызына тауар тиелген. Сондықтан жүргізушілер мемлекеттен көмек сұрап отыр.
Роман Бушуев, көлік жүргізушісі:
Днипро қаласындағы тұрақтамын.Бұл жерде Қазақстандық он көлік тұр. Не істерімізді білмейміз. Мемлекеттен көмек сұраймыз..
Мұрат Амрин, «Атамекен» ҰКП тасымал және логистика департаментінің директоры:
Бочеев өткізу бекетінде тұрған қазақстандық 4 көлік тоналып, қиратылған. Жүргізушілер тек біреуін ғана жөндей алды. Көптеген жүк тасымалдаушы компаниялардың несиелері бар, олардың төлемдерін шегере тұру мәселесін көтеріп отырмыз. Ол үшін мемлекеттік органдарға хат жолдадық. Қазір жүк көліктерінің көбі өткізу бекеттеріне де жете алмай тұр. Біз оларды Молдова, Польша елдері арқылы шығару жағын қарастырып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04